$476.07 €541.86 ₽6.08
×

Екі қазақстандық мерген әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Екі қазақстандық мерген әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Оlympic.kz

Қазақстан құрамасы Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында екі күміс медаль еншіледі

Қос жүлде де жасөспірімдер санатында қоржынға түсті. Даниил Яковенко 10 метрден қозғалмалы нысанаға оқ атудан күміс жүлдегер атанды. Финалда отандасымыз финляндиялық Уильям Эрик Вилкманнан жеңіліп қалды. Ал қола медальді Оңтүстік Корея өкілі Ким Чжэмин иеленді.

Екінші күміс жүлдені Қазақстан қоржынына Еңлік Асқар салды. Ол да 10 метрден қозғалмалы нысанаға оқ атудан күміс медаль жеңіп алды. Финалда армениялық Аида Азатянға есе жіберсе, Украинаның өкілі Мирослава Шимко қола жүлдеге қол жеткізді.