$476.07 €541.86 ₽6.08
×

ҚХП Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанын бастады

AstanaTV
24.07.2026ж. 19:00
ҚХП Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанын бастады

Қазақстан Халық партиясы Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанын бастады.  Елордада сайлауалды штабтың ашылуына байланысты партия Астана қаласындағы «Ғашықтар» саябағында акция өткізді. Іс-шараға Қазақстан Халық Партиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов, депутаттыққа кандидаттар мен партия белсенділері қатысты. Олардың қатарында өндіріс жұмыскерлері, академик, ғалымдар, еңбек сіңірген дәрігерлер мен ұстаздар, құрметті құрылысшылар, мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, бұрынғы әкімдер, вице-министрлер, депутаттар және кәсіпкерлер бар. Акция барысында партия өкілдері қолдарына жалауша ұстап, үгіт-насихат науқанының басталуын символикалық түрде атап өтті. Сонымен қатар ақпараттық материалдар мен буклеттер тарату және үгіт өнімдерін орналастыру жұмыстарына кірісті. Қазақстан Халық партиясы бүгін өзінің ресми әнұранын да таныстырды. Өңірлерде де партиялық штабтар ашылды.

ЭЛЬМИРА ӘУЕЗОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жаңа науқан басталды. Бұл сайлау алдындағы компания. Біздің ҚХП республика бойынша 155 штабы бар. Осы орайда біздің ҚХП осы сайлауға қатысуына әбден мүмкіншіліктері бар. Және де біздің партия атынан 72 үміткер нақты ітіркелді.