$476.07 €541.86 ₽6.08
×

Respublica партиясы сайлауалды үгіт-насихат науқанын бастады

AstanaTV
24.07.2026ж. 19:00
Respublica партиясы сайлауалды үгіт-насихат науқанын бастады

Respublica партиясы да сайлауалды штабын ресми түрде ашты. Іс-шараға өңірлік штабтар онлайн қосылып, олар да өз жұмысын бастады. Салтанатты рәсімге саяси  ұйымның мүшелері, белсенділер мен қолдаушылар қатысты. Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров науқанды сайлаушылармен ашық диалогқа және нақты нәтижелерге негізделген бағдарламамен жүргізетінін атап өтті. Биыл Respublica партиясы Құрылтай сайлауына 75 кандидат ұсынды. Олардың 70%-ға жуығы - кәсіпкерлер. Енді олар аймақтарды аралап, ел-жұртпен кездесулер өткізеді. Өңірлік штабтардың жұмысына 300-ден астам адам жұмылды. Шара барысында партия атынан Құрылтай депутаттығына ұсынылған азаматтарға куәлік табысталды. Олардың қатарында кәсіпкерлер, ғылым, спорт, мәдениет, креативті индустрия және қоғамдық сектор өкілдері бар.

АЙДАРБЕК ҚОЖАНАЗАРОВ, "RESPUBLICA" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ұйымдастыру жағынан да, бізді қолаушылар жағынан да көзқарасымыз, нақты жоспарларымыз, ойларымызды түйіндеп алдын ала дайындағанбыз. 2-3 ай әріптестерімізбен отырып, өңірлерден түрлі ұсыныстарды жинап, өз бағдарламамызды дайындадық.