$476.07 €541.86 ₽6.08
×

Оралда есірткі таратушыдан ірі көлемде мефедрон тәркіленді

24.07.2026ж. 19:00
Оралда есірткі таратушыдан ірі көлемде мефедрон тәркіленді

Оралдық тәртіп сақшылары есірткі сатумен айналысқан күдіктіні ұстады. Жеке тінту барысында күдіктіден ерекше иісі бар ақ зат салынған жүздеген пакет табылыпты. Бұл заттың салмағы 510 грамнан асатын мефедрон екенін сот-химиялық сараптамасы да растады. Осыдан кейін полиция күдіктінің пәтерін тексеріпті. Бұл жерден де есірткі дайындауға керек құралдың бәрі табылған. Есірткі саудасын жолға қойған оның енді 7 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал сақшылар мұндай "бизнестің" болашағы жоқ екенін ескертеді.

АЛИМА ҒАРИФУЛЛИНА, БҚО ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.