$476.07 €541.86 ₽6.08
×

Павлодарда 50-ден астам ауылда мал жайатын жер жоқ

24.07.2026ж. 19:00
Павлодарда 50-ден астам ауылда мал жайатын жер жоқ

Павлодар облысының 50-ден астам ауылда мал жайатын жер жоқ. Соның кесірінен ауылдағы ағайын төрт түлігін қорасында ұстауға мәжбүр. Өйткені, елдімекендердің айналасы толған егін. Жайылым тапшы.  Мәселен, Екібастұзға қарасты Құдайкөл ауылының тұрғындары төрт түлігін жаятын жер таппай отыр. Амалы таусылған ағайын арнамызға жүгінді. Ауыл халқының жанайқайын тілшіміз Өзгеріс Қуанар тыңдап келді.

Екібастұзға қарасты Құдайкөл ауылында 100-ден астам үй бар. Ауыл халқының басым көпшілігі төрт түлікпен күн көріп отыр. Тұрғындар кейінгі жылдары  жайылым тарылып кеткенін айтады.

ИГІЛІК ӘКЕРИЯ, ҚҰДАЙКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ауылда 800 метрде егін екті. Егін шаруашылығын жасап қойды. Ол кісілер 1 малымыз кіріп кетсе де, оның аяғын сындырады. Өлтіріп тастайды. Осы 10 күннің ішінде 5 сиырды өлтіріп тастады ауылдың халқының. Огородты қоршаңдар десек, ол кісілер қоршамаймыз дейді. Әкімдікте қоршамайды - дейді. Неге қоршамайды? Заң бойынша 5 шақырым алыста болу керек.

Ауылдың айналасы толған егін. Сол себепті мал жаятын жер қалмаған. Амалы таусылған кейбір тұрғындар малды қорада ұстауға мәжбүр.

КЕНЖЕБЕК ТӨЛЕГЕН, ҚҰДАЙКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қорадан жүгіріп бұзау шықса жайылымға яғни, егінге жетіп барады. Жетіп барған соң, трактормен қуады екен. 03-56 Алдың күні ғана ауыл тұрғынының төрт сиырын өлтіріп отыр.  Кеше тағы сондай нәрселер қайталанып отыр. Біздің маңайымыздағы көрші ауылдар бар ғой. Солардың егіншіліктері қоршаған либо мал кірмейтіндей қылып қазып тастаған Ондай еш іс әрекет жасамайды.

Екібастұз қаласының әкімі  Құдайкөл ауылында жайылым тапшылығы жоғын айтады. Шаһар басшысының сөзінше, ауыл шетіндегі жайылымдық жер көп мал ұстауға арналмаған – дейді.

АЯН БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қалың мал ұстайды оны ауылдың ішінде ұстағылары келеді. Ол болмайды. Одан басқа мал ұстап, малды қараусыз қалдырады. Сосын осындай әртүрлі жағдайлар орын алып тұрады. қалың мал ұстаймын деген азаматтарға қыстақта мал жеткілікті. Сыртқа шығарып, ауылдан 20-30 км жерден жер алып, сол жерге мал ұстауға болады. ауылдың ішінде қалың мал ұстауға болмайды.

Жайылым мәселесі тек Құдайкөл ауылында ғана емес, Павлодар облысының 58 ауылында  өзекті түйткілге айналған.  Елді-мекен жанындағы жерлердің көпшілігі жекенің қолына өтіп кеткен. Сол себепті  қазір игерілмей жатқан бос жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр.  Ал қайтарылған жерлер жайылымдық жер тапшы ауылдарға берілмек.