Ақтөбедегі Таңшолпан тұрғын алабында мектеп пен балабақша жоқ. Балаларды бірнеше шақырымға тасымалдайды. Негізі жаңа алапқа 2017 жылы су тасқынынан зардап шеккен 100-ден астам отбасы қоныстанған болатын.
"Таңшолпан" тұрғын алабы қаладан 10 шақырым жерде орналасқан. Мұнда 170 үй бар. Дені - 2017 жылғы су тасқынынан кейін «ВОХР» мен «Махамбет» саяжайларынан көшірілгендер. Әр таң сайын ондаған бала мектеп автобусына жету үшін батпақ кешіп, бірнеше шақырым жаяу жүреді. Ал балабақшаға балаларды өздері апарады.
БИБІГҮЛ ҮРГЕНШБАЕВА, ТҰРҒЫН:
17 жылы суға кеткендермен бірге берді, бірден айтты-жол саламыз, мектеп саламыз, үй бәрін нетеміз, көшіңдер деді. Енді дейтін жеме-жемге келгенде бізге жол да жоқ, мектеп те жоқ, дымда жоқ.
АЛМАГҮЛ ХАСАНҒАЛИЕВА, ТҰРҒЫН:
Суды өзіміз Вохрдан тасып әкеліп салдық осы жерге, 40 бочок-бочокпен бүйтіп әкеліп салдық.
РОЗА НҰРАДДИНОВА, ТҰРҒЫН:
Мен мысалы мына қырдың басында тұрамын, қырдың басынан анау трассаға дейін 2 баланы жетектеуім керек.
Қазір Таңшолпанның оқушылары Бауырластар тұрғын алабындағы №83 мектепке арнайы автбоуспен қатынайды. Бірақ автобус ауылдың ішіне кірмейді.
МЕТКҮЛ ҚОСЫМБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Таңшолпан тұрғын-үй алабында жалпы білім беретін мектепке 2,8 ГА жер бөлінген. Енді осы инфрақұрылымның дамуына сәйкес 300 орындық мектеп, жалпы білім беретін мектеп 2028 жылда жоспарланып отыр.
Ал балабақша салу әзірге жоспарда жоқ. Мәселе тек жекеменшік инвесторлар тартылған жағдайда ғана шешілуі мүмкін. Сондықтан таңшолпандықтардың күтуден басқа амалы жоқ. Мектеп құрылысы да әзір емес, 2028 жылға жоспарланған.