$465.74 €531.08 ₽5.92
×

АҚШ Қазақстанның жекелеген тауарларына 12,5% қосымша кедендік баж енгізеді

АҚШ Қазақстанның жекелеген тауарларына 12,5% қосымша кедендік баж енгізеді
Фото: inbusness.kz

АҚШ Қазақстанда өндірілген жекелеген тауарларға қатысты 12,5% мөлшерінде қосымша кедендік баж енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, АҚШ-тың бұл шешімі 1974 жылғы Сауда туралы заңның 301-бөлімі аясында жүргізілген тергеу нәтижесінде қабылданған. Жаңа талап 2026 жылдың 24 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Сонымен қатар, енгізілетін қосымша кедендік баж АҚШ Сауда өкілдігі бекіткен ерекше тауарлар тізбесіне енгізілген өнімдерге қолданылмайды.

Бұған дейін қолданыста болған 10% мөлшеріндегі уақытша импорттық үстеме 150 күндік мерзімнің аяқталуына байланысты күшін жойды. Осыған сәйкес, бұрынғы уақытша үстеме жаңа 12,5% кедендік бажға қосылмайды.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің есептеуінше, Қазақстанның АҚШ-қа экспорттайтын өнімдерінің шамамен 95%-ына қосымша кедендік баж бұрынғыдай қолданылмайды.

Ведомство қазақстандық экспорттаушылардың мүдделерін қорғау және өзара тиімді шешімдерге қол жеткізу мақсатында АҚШ тарапымен келіссөздер мен өзара іс-қимылды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.