$476.07 €541.86 ₽6.08
×

Айбек Дәдебай: «Түркістан облысы тұрғындарының әрбір мәселесі біздің бақылауымызда болады»

Айбек Дәдебай: «Түркістан облысы тұрғындарының әрбір мәселесі біздің бақылауымызда болады»

«Әділет» партиясының сайлауалды кездесулері Түркістан облысынан басталды. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар педагогтермен, медицина қызметкерлерімен, қолөнершілермен, зиялы қауым және қоғам белсенділерімен, туризм мен спорт саласының өкілдерімен, шаруалармен және басқа да тұрғындармен бірқатар кездесу өткізді. Жиын барысында партия төрағасыТүркістан облысының ел үшін айрықша маңызын айтып, өңір тұрғындарымен ашық диалог құрудың мәніне тоқталды.Сонымен қатар, партия төрағасының орынбасары, Құрылтай депутаттығына кандидат Рауан Кенжеханұлы 7 негізгі мақсат пен 10 басым бағыттан тұратын «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтерді. Олар елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, газдандыру, жолдарды жөндеу, жайылым және суармалы жер тапшылығына қатысты болды. Одан бөлек, жұмыссыздық деңгейін төмендету, сондай-ақ шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру секілді әлеуметтік мәселелер сөз болды. Тұрғындардан түскен барлық ұсыныс пен өтініш Республикалық сайлауалды штабтың алдағы жұмысы үшін тіркеуге алынды. Кездесу соңында Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге партиялық билеттерді табыстады.

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстанды құру" жолындағы реформаларын толыққанды әрі сапалы жүзеге асыруға жаңа серпін беру. Дәл осы тұста "Әділет" партиясының тарихи жауапкершілігі басталады. Біздің міндетіміз – қолға алынған реформаларды қолдау. Олардың қоғаммен бірге жүзеге асуына ықпал ету. Халықтың үнін мемлекеттік шешімдермен ұштастыру және әрбір бастаманың нақты нәтижеге айналуына атсалысу. Кез-келген реформа ел игілігіне айналғанда ғана өзінің шынайы мәніне ие болады. Сол кезде әділдік қағидасы күнделікті өмірде нақты көрініс табатын құндылыққа айналады. Әділдік дегеніміз – баршаға тең мүмкіндік. Ауыл мен қала арасындағы алшақтықтың азайуы. Әділдік – жастардың өз болашағын туған елінде көруі. Әр азаматтың мемлекетке деген сенімінің нығауйы.