«Жолаушылар тасымалы» АҚ қазақстандықтарға пойыздарда тасымалдауға тыйым салынған заттар тізімін еске салды.
Қауіпті заттарды немесе қаруды алып кіруге әрекет жасау тек пойызға отырғызудан бас тартуға ғана емес, қылмыстық жауапкершіліккеде әкелуі мүмкін.
Жолға шығар алдында барлық жолаушы теміржол вокзалдарында міндетті тексеруден өтеді. Багажды тексеру үшін рентген қондырғылары, стационарлық және қол металл іздегіштер, сондай-ақ портативті детекторлар қолданылады. Вокзалдарда бейнебақылау жүйелері жұмыс істейді, ал қауіпсіздікті полиция қызметкерлері мен күзет қызметі қамтамасыз етеді.
Пойызға мыналарды алып кіруге тыйым салынады:
Компания өкілдері қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Қазіргі таңда Talgo пойыздары мен стандартты құрамдарды қоса алғанда, 1 100 жолаушылар вагоны бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Бейнежазбалар нақты уақыт режимінде мамандар ықтимал жағдайларды бақылап, қажет болған жағдайда жедел әрекет ететін Ситуациялық орталыққа түседі.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды сапар алдында тасымалдау ережелерімен танысып, жол жүру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.