Бишімбаев кінәсін мойындау керек. Бүгін сотта «Orda Glass Ltd» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Дәурен Ибрашевтың қорғаушы тарапы осылай деп, экс-министрді айыбын мойындауға шақырды. Бұл компания Қызылордадағы шыны зауытын салу жобасына жауапты болған. Тергеу деректері бойынша, шыны зауытының құрылысына бөлінген миллиардтар ұрланған.
Махамбет Ибрашев, айыпталушының әкесі:
Егер сіз, Бишімбаев, шынымен жігерлі жігіт болсаңыз, кінәңізді мойындаңыз. Шынайы айғақтарды көрсетіп, мына жердегі кінәсіз адамдардың тағдарын жеңілдетуге тырысыңыз. Қаншама адам зардап шегіп жатыр?!
Осыған
дейін Дәурен Ибрашев сот алдында тағылған барлық айыпты мойындаған
болатын. Прокурорлар сотта оны кінәлі
деп тауып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұраған
болатын.