Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қазақстандықтардың шет мемлекеттерден жұмыс іздеуі көбейген

AstanaTV
23.02.2018ж. 20:00
2355
Қазақстандықтардың шет мемлекеттерден жұмыс іздеуі көбейген

Қазақстанда жұмыссыздардың саны едәуір артқан. 2017 жылдың қаңтарында жұмыспен қамту орталықтарында 46 мыңнан астам азамат есепте тұрса, биыл олардың қатары 70 мыңға жуықтапты. Ал ақпан айында 55 мың адамға азайған. Бұл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі. Қазір Айзада Төребекқызы студиямен байланыста. Айзада, жұмыссыздар елдің қай өңірінде көп?

Айзада Төребекқызы,  тілші:

Иә, Ләйлә. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктегілердің мәліметінше, жұмыссыздар саны Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысында артыпты. Мұндағы халықтың 5,3 пайызын жұмыссыздар құрап отыр. Биылдан бастап жұмыссыздарды тіркеуде біршама өзгерістер енгізілмек.

Ерболат Абулхатин, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департамент директорының  орынбасары:

Биылдан бастап біздер жергілікті жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстарын өзгертіп жатырмыз. Енді бұл азамат емес осы жұмыспен қамту орталықтарының жұмыскерлері осы айқындалған азаматтардың арттарынан барып, осы жұмыспен қамту шараларына тарту жұмысын жүргізетін болады.

Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары Ерболат Абулхатиннің есебінше, биыл 570 мың азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. Алайда, атқарылған істерге қарамастан, екі қолға бір күректі шетелден іздейтін отандастарымыз аз болмай тұр.

Айзада Төребекқызы,  тілші: 

Соңғы үш жылда 100 мыңнан астам азамат шет мемлекеттерге кетіпті. Олардың нақты қандай себеппен шекара асқаны ашып айтылмайды. Тек соның 428-і ғана еңбек  шартымен жұмыс істеуге кетті деп ресми көрсетіліпті. Отандастарымыз неліктен сыртқа кетіп жатыр? Оларды қызықтықтыратын не? Бұл сұрақтарға мен «Біздің уақыт» сараптамалық бағдарламасында кеңінен тоқталатын боламын. Ләйлә....

Рахмет, Айзада. Тілші материалын ертең сағат 20.00-де көре аласыздар.