$486.44 €534.31 ₽5.06
×

Мәулен Әшімбаев партия жанындағы комиссиялардың құрамын қарап, сарапшылар санын арттыруды тапсырды

AstanaTV
23.02.2018ж. 20:00
2860
Мәулен Әшімбаев партия жанындағы комиссиялардың құрамын қарап, сарапшылар санын арттыруды тапсырды

«Нұр Отан» партиясы жанындағы партиялық кураторлар институтын күшейту қажет. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осылай деді. Бүгін ол партияның сайлауалды бағдарламасы бағыттары бойынша партиялық кураторлармен және Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясы жанындағы комиссиялар мен кеңестердің жетекшілерімен кездесті. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, партия алдында тұрған басты міндет - сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруда партияның тиімділігін арттыру. Ол үшін партия жанындағы комиссиялардың құрамын қарап, сарапшылар санын арттыру қарастырылады. Мұнан өзге партияның «сандық жүйесін» қалыптастыру қажеттілігі өзекті.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Тек қана біздің мемлекеттік органдардан ғана ақпарат алмай, жалпы халықтың, қоғамның өзінен қандай өзекті мәселелерді қалыптастырып алып, ертең соның дұрыс шешімдерін қабылдауымыз керек ақпарат құралдардың. Себебі қазір біз айтамыз "Сандық Қазақстан" дейміз, сол партияда өзінің сандық бағытын тиісті деңгейде жақсартуы керек.

Мәулен Әшімбаев партия фракциясының жұмысы заң жобалары негізінде аппаратта жұмыс істейтін сараптамалық ресурстарға арқа сүйеуі керектігін жеткізді. Әлеуметтік маңызы бар деген заң жобаларын бағалап, сапалы ұсыныстар дайындау үшін бұл жұмысқа сарапшыларды тартудың да берері мол болмақ. Сондай-ақ, халық қалаулылары партия жанындағы Саяси менеджмент академиясының әлеуетіне де назар аудару керектігі айтылды.