$510.84 €579.7 ₽6.39
×

Аудандарда МЖӘ туралы түсінік жоқтың қасы - С.Еңсегенов

AstanaTV
23.02.2018ж. 20:00
3636
Аудандарда МЖӘ туралы түсінік жоқтың қасы - С.Еңсегенов

Аудандарда Мемлекеттік жекеменшік әріптестік туралы түсінік жоқ. Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов осылай дейді. Бүгін жоғарғы палата Мемлекеттік жекеменшік әріптестік тетіктерін жетілдіру бойынша жиын өткізді. Депутаттың  айтуынша, аудандық деңгейді айтпағанның өзінде, облыс орталықтарында осы саланы жетік білетін мамандар жоқтың қасы. Жергілікті жерлерде мемлекеттік жекеменшік әріптестікті дамытумен айналысатын нақты мекеме жоқ. Бұл жұмыс барлық басқармаларға жүктелген. Нақты жауапкершілік болмаған соң Мемлекеттік жекеменшік әріптестік жұмысы ақсап тұр деп санайды.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мен облыстарда болдым, кейбір аудан әкімдерімен кездестім. Шын мәнінде бір рет жиналыс болғанын ғана айтады. Ауданда осы саланы білетін адам, тіпті түсінік жоқ.

Бүгінде бұл бағытта елде құны 91,3 млрд болатын 129 жоба іске асып жатыр. Оның ішінде республикалық маңызы бар 4 жоба. Олар: «Шар-Өскемен станциясы» жаңа теміржол желісін салу және пайдалану. «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» электр желісін салып, пайдалану. Ақтау халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы. Сондай-ақ «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру, енгізу және пайдалану.