«Әділет» партиясының ауқымды өңірлік туры Ақтауда жалғасты. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған республикалық штаб мүшелері өңір тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі ережелерін таныстырды. "Әділет" алдағы 5 жылда 7 негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізбек. Басты мақсаттар қатарында қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту, бизнесті қолдау, халықтың табысын инфляциядан арттыру, бір миллион жұмыс орнын құру секілді әлеуметтік-экономикалық бастамалар бар.
РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:
Кішкентай баладан бастап үлкен ересек адамға дейін бәріміз өмірден әділет іздейміз. Әділетті қарасын, әділетті ақы төлесін, әділетті жұмыс ережелері болсын деген сияқты. Сондықтан да осы әділет ұғымын, әділет сөзін, әділет туралы түсінікті партия өзінің тұғыры ретінде қабылдады. Алдағы уақытта біз осы "Әділетті Қазақстанды" құруға бізге нақты жол ашатын кейбір өзіміздің амалдарымызды, жоспарларымызды бағдарламаға салып, бүгін таныстырып жатырмыз. +Келе жатқан үлкен науқан аясында нені талқылау керек, не нәрсеге назар аудару керек, бағдарламаға кірмей қалған қосымша ұсыныстары бар ма сол туралы пікірлесу.