$473.4 €539.39 ₽6.07
×

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Көкшетау мен Қарағандыда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Көкшетау мен Қарағандыда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Көкшетаудағы кәсіпорындардың бірінің еңбек ұжымымен кездесті. Басқосу барысында еңбек құқықтарын қорғау, жалақы деңгейін арттыру, еңбек жағдайы мен қауіпсіздігін жақсарту мәселелері талқыланды. Осындай кездесу Қарағанды қаласында да жалғасты. Онда педагогтармен диалог барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер, әлеуметтік қорғау, еңбек құқықтары және халықтың түрлі санаттарын қолдау тақырыптары сөз болды. Сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығы, екі және үш ауысымды оқыту, мұғалімдердің қосымша жүктемесі мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, әйелдердің құқықтарын қорғау, интернет-алаяқтықтан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету, ұстаз мәртебесі мен дарынды оқушыларды қолдау мәселелері  талқыланды.

МАҚСҰТ НАСИБУЛОВ, ЖСДП ОРТАЛЫҚ АППАРАТ ЖЕТЕКШІСІ:

Білім тегін болу керек және де ол қолайлы болу керек. Сапалы болу керек. Мынау жаһанның заманауи талаптарына сай болу керек. Біздің қаншама оқушыларымыз әлемнің әртүрлі сайыстарына олимпиадаларына қатысып үлкен жүлделі орын алып жатыр. Оған көмектесу үшін біз мұғалымдердің жағдайын әлеуметтік жағдайын ойлауымыз керек. Үй мәселесі жалақы мәселесі көтеру үшін, басқада әлеуметтік жағдайларын біз ойластыруымыз керек.