$473.4 €539.39 ₽6.07
×

«Ауыл» партиясының кандидаттары дәрігерлермен кездесті

AstanaTV
27.07.2026ж. 19:00
«Ауыл» партиясының кандидаттары дәрігерлермен кездесті

Елде 8 мыңға жуық медицина қызметкері жетіспейді. Әсіресе ауыл -аймақтарда кадр тапшы.  Жас дәрігерлер шалғайдағы елді мекендерге барып жұмыс істегісі келмейді. Қосшы қаласындағы медициналық ұйым өкілдерімен кездескен «Ауыл» партиясының өкілдері осылай дейді. Партия мүшелері сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сонымен бірге, саяси ұйым мүшелері «Асыл түлік» мал шаруашылығындағы асыл тұқымды іс жөніндегі республикалық орталығы» ұжымымен кездесті. Жиын барысында кандидаттар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бағыттары туралы айтты.

ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы жылы оқуын бітіріп жатқан түлектердің 90 пайызы қалада қаламыз деп отыр. Бізде ауылда дәрігерлер жетіспейді, медбикелер де жетіспейді. Үкіметтің аурухана, ФАП салуға жағдайы бар. Амбулатория ашуға мүмкіндігі бар. Бірақ ол ғимарат бос тұрып қалады. Өйткені ішінде маман жоқ.