Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Дәрі-дәрмекке үнемі ақша жетпейді - Е. Біртанов

AstanaTV
23.02.2018ж. 20:00
3195
Дәрі-дәрмекке үнемі ақша жетпейді - Е. Біртанов

«Дәрі-дәрмекке үнемі ақша жетпейді». Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тегін медициналық көмек аясында берілетін препараттар нарығына қатысты осындай түсінік берді. Дәрі жетіспеушілігі тақырыбы Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасында өткен жиында талқыланды. Министрдің мәліметінше, биыл тегін таратылатын дәрілер сатып алуға 128 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 млрд теңгеге көп. Алайда, сұранысты толықтай жабу үшін әлі қосымша 60 млрд теңгедей  керек. Бас дәрігер жетіспеушіліктің тағы бір себебін атады. Яғни медикаменттер емханалардың өзінде-ақ жоғалып кетеді екен. Мұндай сорақылықтардың нақты қай өңірлерде тіркелгенін, министр нақтыламады. Тек емдеу мекемелері басшылары шұғыл тексерулер өткізуі қажет,- деді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Бізде емханалардың мәліметтер базасында тіркеуде тұрған, "тиісті дәрі-дәрмекті алды" деп белгіленген азаматтар бар. Олардың көпшілігіне хабарласқанымызда, ешқандай препарат алмадық, деп айтты. Сонда қалай? Ол дәрілер қайда кеткен