Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақтөбеліктер жерлеу рәсімін қиындатып жібергендердің ісіне наразы

AstanaTV
23.02.2018ж. 20:00
2930
Ақтөбеліктер жерлеу рәсімін қиындатып жібергендердің ісіне наразы

Бұдан былай Ақтөбеде марқұмдарды рұқсатсыз жерлегендер 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Зират басына осындай ескертпелер ілінген. Жерлеу қызметімен айналысатын серіктестік пен әкімдік өкілдері бірігіп, жақында рейд жүргізбек. Дегенмен тұрғындар жерлеудің нақты құны белгіленбегенін айтады. Сондықтан оның бағасы күн сайын құбылып тұрғанына наразы. Жақсыбек Кемал тараптарды тыңдады.

Ақтөбенің іргесіндегі Қурайлы ауылының тұрғындары осыдан жарты жыл бұрын да зиратты сенімгерлік басқаруға алған серіктестік жұмысын сынға алған еді. Айтуларынша, одан бері ешнәрсе өзгермеген. Ал қорым қожайындары жаңа талап енгізбекші. Арнайы рұқсат қағазсыз жерленгендердің туыстарын жазаламақ.

Светлана Юмашева, салттық қызметтердің бірыңғай орталығы қызметкері:

Тұрғындарға марқұмды жерлемес бұрын бізге келіп тіркелу керектігін ескерту үшін, арнайы рейдтер жүргізіп жатырмыз. Көбісі бұл туралы хабарсыз. Ол бізге кейін ортақ базаға мәліметтерді енгізу үшін керек. Кейбіреулер мұны түсіністікпен қабылдаса, басқалары наразы болып жатады. Олардың бәріне түсіндіреміз.

Әкім: «Екі жыл бұрын Ақтбенің маңында бірде бір зиратта қоршау жоқ болса, сенімгерлік басқаруға беру - сол олқылықтың орнын толтырады», - деді.  Қазір «Салттық қызметтер көрсету орталығының» қызметкерлері қаладағы зираттарды күн сайын аңдуға көшкен. Егер орталықтың рұқсатынсыз жерлесе, марқұмның туыстары 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Ондай тұрғындар әзірше ескертумен шектеліп жатыр. Алайда тұрғындардың өз уәжі бар.

Жолдыбай Күзембав, Қурайлы ауылының тұрғыны:

Ол қалаға бару керек. Мен үлкен кісі, қайда екенін білмеймін. Қалай табамыз? Вокзалдың, автовокзалдың ар жағында деп естідім. Егер де оның қазатын адамы болмаса 30 мың ғана, 40 мыңдай төлеу керек. Өзі қойып береді дегенді жаңа айтты ғой Коля, менен 65 мың алды деп. Көрдің бе, әр түрлі цена. Біреуден 80 мың.

Зират  мәселесі облыс әкімінің есептік кездесуінде де қозғалды. Тұрғындардың бірі қала маңындағы 50-ге жуық қорымды сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкер бағаны шарықтатуы мүмкін деп алаңдайтынын жеткізді.

Нығметбай Ермаханов, қала тұрғыны:

Өлігімізді көме алмайтын жағдайға жетіп отырмыз. Моланы жекешелендіріп алған. Қазір 100 мың деп отыр. Ал осыдан былай өткеннен кейін 300-500 мың демесіне кім кепіл?

Ал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандарының айтуынша, кәсіпкер өзінің міндетін орындап келеді. Қазір ауылдық округтерді қоспағанның өзінде шаһарда 7 қорым бар.

Хасен Юсупов, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

Сол жетеуінен алтауы жабылуы керек біздің ұсынысымыз. Заңды жерлейтін жер қалада болып тұрған тек қана орын бары Кірпіш зауыты зираты. Онда мұсылмандық, христинадық екіге бөлінген жер телімі. Енді қазір қысқы мезгілде тоқтап қалды қоршау жұмыстары. Қазір күн жылынсын, жер жібігеннен кейін сол жұмыс жалғастырылады.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Ауыл тұрғындарының талабы біреу - зиратты өзімізге қайтарсын, болмаса, сенімгерлікке алған компания жұмысын дұрыс жүргізсін деп, талап етіп отыр. Олар өз құқықтарын қорғауды сұрап, облыстық прокуратураға арыз да беріп қойған.

Жақсыбек КЕМАЛ