Спорт Қазақстан
$440.92 €475.36 ₽4.82
×

Жамбылдағы әскери техниканың әлеуеті жоғары

AstanaTV
23.02.2018ж. 20:00
2627
Жамбылдағы әскери техниканың әлеуеті жоғары

Әулиеата өңіріндегі әскери техниканың әлеуеті жоғары. Ал қолданыстағы қару-жарақ құрылғылары заманға сай жаңғыртылып жатыр. Жамбыл жеріне жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары қорғаныс ісіне осындай баға берді. Жұмыс тобы алдымен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарайтын 85/395 әскери бөліміне барды. Онда жауынгерлердің ұрысқа дайындық деңгейі мен шеберліктері көрсетілді. Сондай-ақ қаз-қатар тізілген түрлі әскери техникалар таныстырылды.

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

«Мынау ескі» деп лақтыруға болмайды. Мысалы, кейбір ескіден «Калашников» автоматы келе жатқанына қаншама жыл болды. Біз оны лақтырып жатқан жоқпыз ғой. Бірақ біз оны модернизациялап жатырмыз, дүрбі қойып жатырмыз. Әрине, біздің қару-жарақ ешкімнен кем болмау керек. Бас қолбасшымыз қойған бірінші мақсат сол. Қазір НАТО-ның өзі бізге алаңдайтын болды, «қалай бұл?» деп, біздің сарбаздардың шеберлігін көріп жатыр.