$473.4 €539.39 ₽6.07
×

Жапонияда екінші астана құрылады

28.07.2026ж. 08:33
Жапонияда екінші астана құрылады
Фото: pixabay

Жапония парламенті төтенше жағдай кезінде Токиоға балама болатын «екінші астана» құру туралы заң қабылдады.

Жаңа заңға сәйкес, Премьер-министр халық саны мен экономикалық ахуалына қарай отырып, резервтік астананы тағайындай алады.

Сарапшылар бұл бастама елдің батысындағы Осака қаласын ірі әкімшілік және экономикалық орталық ретінде дамытуға ықпал етеді деп есептейді.

Бұл жоба Парламентте қызу пікірталас тудырды. Оппозиция оны саяси мүдделерге қызмет етеді деп сынға алды. Қарсылыққа қарамастан көп дауыспен құжат қабылданды.