Орал қаласындағы Хан тоғайында орман шаруашылығы аумағының 18 гектар алқабы өртенді.
Қызыл жалынды ауыздықтауға орман шаруашылығының, мемлекеттік орман күзетінің және төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен техникасы тартылды. Атап айтқанда, 107 адам, 23 бірлік техника, сорғы қондырғысымен 2 арнайы жүзу құралы, 2 бірлік тікұшақ жұмылдырылды.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, өрт сағат 20:28-де оқшауланды.