29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада алғаш рет «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі өтеді. Бұл – киберспортты, дәстүрлі спорт түрлерін және заманауи технологияларды бір арнаға тоғыстыратын жаңа форматтағы халықаралық жарыс. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев хабарлады.
«Болашақ ойындарының» басты ерекшелігі – биыл жарыстың клубтық форматта өтуі. Яғни мұнда ұлттық құрамалар емес, халықаралық клубтар бақ сынайды. Бір команданың құрамында әртүрлі мемлекеттердің спортшылары өнер көрсете алады. Ал фиджитал дисциплиналарда спортшылар алдымен виртуалды кеңістікте сынға түсіп, кейін жарысты нақты спорт алаңында жалғастырады», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Елімізде өтетін турнир аясында сегіз дисциплина бойынша жарыстар өтеді. Бүгінде 24 елден 400 жуық спортшы келді.