×

Треш-стримдер мен хайп қуғандар жазаланды

AstanaTV
28.07.2026ж. 19:00
Треш-стримдер мен хайп қуғандар жазаланды

Треш-стримдер мен хайп қуғандар жазаланды. ІІМ әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент таратқан 9 авторды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Лайк пен донат үшін тікелей эфирде балағат сөз айтып, қауіпті пранктер ұйымдастырып, әдепсіз әрекеттермен қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот шешімімен олар айыппұл арқалап, қамауға алынды. Министрлік мұндай контенттерге кәмелетке толмағандардың да куә болғанын айтып, бақылау күшейгенін хабарлады. Тіпті анонимдік парақша мен лақап ат та жауапкершіліктен арашаламайтынын ескертті.

ШЫҢҒЫС ӘЛЕКЕШЕВ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Анонимді аккаунттың немесе телефон экранының ар жағында жасырынып қаламын деген ой болуы қате. Ішкі істер министрлігінде кез келген құқық бұзушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін барлық қажетті құралдар бар. Осындай әрбір құқық бұзушылық анықталады. Әрбір құқық бұзушы заңға сәйкес жауапқа тартылады.