Қазақстандықтар енді емханада өз атына қандай медициналық қызметтердің рәсімделгенін бақылай алады. Ол үшін тіркеу орнындағы QR-кодты сканерлеу жеткілікті. Осылайша пациент қабылдауға келгенін растап қана қоймай, өзіне көрсетілген қызметтер мен олардың құнын көре алады. Жақын уақытта eGov Mobile қосымшасында пациенттің жеке кабинеті іске қосылып, онда медициналық сақтандыру төлемдерінің тарихы, жарналар күнтізбесі және көрсетілген медициналық көмектің сапасын бағалау мүмкіндігі қолжетімді болады. Бұл жаңашылдық медициналық қызметтердің ашықтығын арттырып, негізсіз рәсімделетін қызметтердің алдын алуға бағытталған.
ҚАНЫРБЕКОВА ГҮЛЖАН, ҚР ДСМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
Басым бөлігі осы жүйе арқылы жазылады. Тіпті егов мобайл арқылы рецепт алуға болады. Ол 149-шы есепке сәйкес динамикалық есепке сәйкес үнемі ішетін базалық дәрілері болады. Соны амбуллаторлық тегін дәрі дәрмек геов мобайл арқылы есебі толтырылады.