28 шілде – Дүниежүзілік табиғатты қорғау күні. Атаулы датаны Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы ерекше атап өтті. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев бастап «Көліксіз бір күн» экологиялық челленджін ұйымдастырды. Партияның әрбір мүшесі осы күні жеке автокөлігінен бас тартты. Бірі жаяу жүрсе, енді бірі велосипедке, қоғамдық көлік не LRT-ға отырды.
АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ, "БАЙТАҚ" ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қарапайым адамдар өзінің денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Ол тек қана қоршаған ортаның жағдайымен. Егер ауамыз лас болса, суымыз лас болатын болса, ол бірден адамның тікелей денсаулығына әсер етеді. Сондықтан біз оны қамтамасыз ету үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.