$476.75 €541.59 ₽6.06
×

Той кортежі: қауіп төндіретін қауіпті маневрлер жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Той кортежі:  қауіп төндіретін қауіпті маневрлер жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы орталық көшелердің бірінде үйлену тойының кортежіне қатысқан жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары Mercedes-Benz, BMW, LADA және ВАЗ 5 автокөлік жүргізушілерінің жеке басын нақтылады. Олар жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны, қос тұтас жолақ сызығын кесіп өткені, арнайы жарық белгілерін  заңсыз орнатқаны және жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қауіп төндіретін қауіпті маневрлер жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылардың автокөліктері мамандандырылған айыптұраққа қойылды. Өз кезегінде полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге және қоғамдық тәртіпті құрметтеуге шақырады.