«Qazaqstan» телеарнасында Ұлттық теледебат өтеді. Пікірсайыстың тақырыбы - «Қазақстанның болашағы – адам капиталы».Алаңда құрылтай сайлауына қатысатын 7 саяси партияның өкілдері бас қосады. Олар тікелей эфирде өз партияларының сайлауалды бағдарламаларын таныстырады. Ел дамуының басым бағыттары бойынша партиялық ұстанымдарын жеткізеді. Саяси дода барысында көрермендердің сауалдары мен ұсыныс-пікірлерін қабылдау үшін арнайы байланыс орталығы жұмыс істейді. WhatsApp пен әлеуметтік желілер арқылы жолданған сұрақтар тікелей эфирде қатысушыларға қойылады. Ұлттық теледебатты дәл қазір «Qazaqstan» телеарнасынан және ресми парақшалардан тікелей эфирде көре аласыз.