$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Атышулы Бишімбаев ісіне қатысты айыпталып жатқан Бауыржан Әйтімбетов: «Мен жемқормын!»

AstanaTV
01.03.2018ж. 20:00
2656
Атышулы Бишімбаев ісіне қатысты айыпталып жатқан Бауыржан Әйтімбетов: «Мен жемқормын!»

"Пара алдым, жеткізіп бердім. Мен жемқормын!" Атышулы Бишімбаев ісіне қатысты айыпталып жатқандардың бірі Бауыржан Әйтімбетов осылай деп ағынан жарылды.

Бауыржан Әйтімбетов, айыпталушы:

Адам, қандай істе болмасын, соңына дейін шындықты айтуы керек. "Мәжбүр болдым" деу қисынсыз деп білемін. Ақиқатын айтқан дұрыс!  Мен алған пара түгел тәркіленді. Иә, мен пара алдым және пара бердім, мен - жемқормын. Міне, шындық осы! 

Бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын құрды деп айыпталған 22 адамға қатысты сот процесі аяқталуға жақын. «Бәйтерек DEVELOPMENT»-тің экс-департамент директоры Бауыржан Әйтімбетовке «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған үйлердің құрылысына қатысты пара алды деген айып тағылған. Сот барысында прокурорлар Әйтімбетовке екі жыл үш ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. 

Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа "аса ірі көлемде пара алу", "сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу"  баптарымен айып тағылды. Сот процесі өткен жылдың қараша айында басталған.