$474.63 €544.5 ₽5.92
×

Қазақстанда алаяқтық қоңырауларға қарсы жүйе күшейді

AstanaTV
30.07.2026ж. 19:00
Қазақстанда алаяқтық қоңырауларға қарсы жүйе күшейді

Республика бойынша 1,5 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталып, шетелде орналасқан 12 колл-орталықтың жұмысы бұзылды. Бұл елімізде интернет және телефон алаяқтарымен күресте енгізілген жаңа тәсілдердің нәтижесі.

Интернет-алаяқтықпен күрес бүгінде барлық құқық қорғау органдары жұмысының негізгі бағытына айналған. Осыдан бір жыл бұрын Астана қаласының прокуратурасы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен бірлесіп, еліміздегі алғашқы Антиколл-орталықты іске қосты.

НҰРИСЛАМ БАЛТАБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ:

Күнделікті талдау жүргізудеміз. Қандай алаяқтық схемалар, олардың тәсілдері көп таралғанын анықтаудамыз. 3 бағытта бөліп қарасақ болады. Біріншісі жол-жүріс апаттарынан хабарласады. Мысалы азаматтарға туысының атын бүркемелеп хабарласуы мүмкін. Екіншісі, көптеген смс. 1414 келетін, 6 санды код сұрататын алаяқтық түрі. Олар жеткізу қызметі болуы мүмкін.

Операторлардың басты міндеті - алаяқтарды әңгімеге тартып, олардың уақытын алу. Осылайша қылмыскерлердің басқа азаматтарға хабарласуына мүмкіндік берілмейді.

ОПЕРАТОР:

Олар көбіне қосымша табыс, инвестиция, жеткізу қызметі немесе қонақүй брондау сияқты түрлі сылтауларды қолданады. Біздің мақсат – алаяқты әңгімеге тартып, оның қолданатын схемасы мен телефон нөмірін анықтау.

Антиколл-орталықтың тиімділігі өз нәтижесін беріп отыр. Жоба аясында мыңдаған азамат қаржылық шығыннан қорғалып, интернет-алаяқтық деректерінің төмендеуіне қол жеткізілді. Енді бұл тәжірибе республика көлемінде кеңейтіліп, еліміздің өзге өңірлерінде де осындай арнайы Антиколл-орталықтар кезең-кезеңімен ашылып жатыр.