Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясының қатары жастармен толықты

AstanaTV
01.03.2018ж. 20:00
3371
«Нұр Отан» партиясының қатары жастармен толықты

«Нұр Отан» партиясының 19 жылдығы Таразда да аталып өтті. Партияның облыстық филиалында өткен салтанатты жиынға саяси ұйымда еңбек еткен ардагерлер қауымы қатысты.

Саяси институттың аймақтағы филиалында тер төккендердің бірі - Қайрат Шотбақов ақсақал. Ол 1999 жылы Елбасы тапсырмасымен партияның алғашқы штабы Таразда құрылғанын айтты.

Қайрат Шотбақов,  «Нұр Отан» партиясының ардагері:

Штабтың арқасында біз үлкен бір Жамбыл облысындағы партия ұйымын құрдық. Қазір қарасақ, «Нұр Отан» партиясы - кәдімгідей билікті қолға алған, елге ерекше, халқымызға үлкен қызмет атқарып отырған партия. 

Бүгінде Жамбыл облысында партияның 70 мыңдай мүшесі бар. Бүгінгі салтанатты шара барысында бірқатар журналистер партия құрамына қабылданды.

Ал Өскеменде 120 адам партияға мүшелікке өткен. Олардың қатарында дәрігерлер, мұғалімдер мен шағын және орта кәсіп иелері бар. Шара барысында партияның шығыстағы филиалы жергілікті үкіметтік емес ұйымдармен меморандумға қол қойды.