Әлеуметтік желіде оның видеосы тарады
23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан Астанада тұрғын үй ғимаратының қасбеті құлаған кезде өзгелерге көмектесемін деп жүріп алған ауыр жарақатынан көз жұмған еді. Желіде марқұмның күйеуі Зейнет Әділеттің қайғылы оқиғадан 8 ай өткен соң шаңырақ көтерген видеосы тарап кетті.
Желі қолданушылары бұл оқиғаны сынап жатыр. Олардың айтуынша, Ұлдана Мырзуанның жолдасы тым болмағанда марқұмның жылы өткенін күтуі керек еді. Зейнет Әділетке тұрмысқа шыққан қыздың ұзатуы тараз қаласында өткен.
2025 жылдың 30 қыркүйекте Ұлдана Мырзуан реабилитолог-дәрігер Әділет Зейнелге тұрмысқа шыққан. Екеуі 8 жыл танысып жүрген еді.
8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып, астында бірнеше тұрғын қалып қойған. Көмекке жедел жәрдем бригадасы, оның ішінде фельдшер Ұлдана Мырзуан жеткен. Құтқару жұмысы барысында ғимараттан кондиционер қондырғысы құлап, Ұлдана мен тағы бір фельдшердің басына тиді. Жалпы оқиға салдарынан 5 адам жарақат алды.
Ұлдана 10 күн бойы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер оны құтқарып қалу үшін бар күшін салғанмен, 18 қараша күні 23 жастағы Ұлдана Мырзуан көз жұмды. Сол күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.
Астанадағы медициналық колледждің дәрісханаларының біріне Ұлдана Мырзуанның есімін беру туралы шешім қабылданды.
2026 жылдың ақпанында Әділет Зейнел әлі де марқұм жарын жоқтап, әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады: түсінде онымен кездескенін сипаттады.