Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодар өңірінде зейнеткерлерді үйінде өлтіріп кеткен

AstanaTV
26.02.2018ж. 20:00
2248
Павлодар өңірінде зейнеткерлерді үйінде өлтіріп кеткен

Павлодар облысында қос зейнеткер кісі қолынан қаза тапты. Қарияларды әлдекім өз үйінде пышақтап кеткен. Бұл оқиғаға орай 27 жастағы тұрғын күдікке ілініп отыр. Облыстық ІІД хабарлауынша, қайғылы жағдай Майқайың кентінде болған. Қазір тиісті сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлердің дерегіне сай, қариялар бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған. Қылмыс аса ауыр санатқа жатқызылып отыр. Тергеу барысында айғақтар мен саусақ іздерін анықтау мүмкін болмады,- дейді сақшылар. Сондықтан, күдікті бұл қылмысты жоспарлаған, әрі қолына қолғап киіп жасаған деген тұжырым бар. Марқұмдармен бір көшенің бойында тұратын күдікті қазір қамауда. Заттай айғақ ретінде пышақ табылған. Алдын ала тергеу бойынша қылмысқа жеңіл пайда табу мақсатында барған болуы мүмкін.

Баян Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Зейнеткерлерде ақшасы көп, жақсы тұрады. Сондықтан үйлерінде үлкен көлемде ақшасы болған деп кірген ғой. Бірақ, содан кейін өзі үйді тінтіп шыққанда, ақша таба алмаған. Зейнеткерлердің екі банк карточкасын алған, ақша аламын деп. Бірақ картада ақша болмай қалған.