Adv pic
$474.47 €503.51 ₽4.88
×

Қуандық Бишімбаевтың туысы соттан өзін ақтауды сұрады

AstanaTV
26.02.2018ж. 20:00
2254
Қуандық Бишімбаевтың туысы соттан өзін ақтауды сұрады

Қуандық Бишімбаевтың туысы соттан өзін ақтауды сұрады. Астанадағы мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаевтың ісін қарау жалғасып жатыр. Экс-министрдің ағасы Сұлтан Нұрлыбекке парақорлыққа қатысы бар деген айып тағылған. Алайда, ол қылмысқа  қатысым жоқ дегеннен танбай отыр. Айтуынша, «Шымкентхиммонтаж» серіктестігінің басшысы Жақсылық Исабекпен арасындағы қоңыраулар жазылмаған. Іс материалдарында келтірілген айтылған 2 миллион доллар ақша Исабектен алынған пара емес,- дейді айыпталушы. Яғни бұл қаржыны заңсыз кәсіпкерлік әрекеттерінен түскен дейді. 

Нұрлыбек Сұлтан:

Мен бес баланың әкесімін. Бірнеше жылдан бері кәсіпкерлік қызметпен айналысамын, өйткені отбасым үлкен. Оларды асырауым керек.

Айта кетейік, Бишімбаев ісі бойынша 22 адам жауапқа тартылып жатыр. Прокурор оларға шартты жазадан бастап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа бірнеше рет пара алды деген айып тағылған.