$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Астана процесінің құрдымға кеткені туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесі түсінбестік тудырады - АҚШ-тағы Ресей елшілігі

AstanaTV
26.02.2018ж. 20:00
3029
Астана процесінің құрдымға кеткені туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесі түсінбестік тудырады - АҚШ-тағы Ресей елшілігі

"Астана процесі құрдымға кетті" деген мәлімдеме түсінбестік тудырады. АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің бұл сөзін АҚШ-тағы Ресей елшілігі осылай деп бағалады. Бұл туралы ұстаным Фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды. Ресей дипломаттарының сөзінше, Америка өз-өзіне қарсы келіп отыр. Вашингтон бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияда гуманитарлық тоқтау орнату туралы қарарын қолдаған. Сондықтан АҚШ-тың мәлімдемесі қисынға келмейді деген пікірде. Женева келіссөзі Астана процесінен бұрын басталғанына қарамастан, маңызды жетістікке қол жеткізбеді. Айта кетейік, Хизер Нойерт Шығыс Гуттадағы жағдайдың ушығуы "Астана процесінің құрдымға кеткенін" білдіреді деп мәлімдеген .

Біржақты мәлімдеме түсінбестік тудырмай қоймайды. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін Сирияның саяси реттелуінде қандай да бір кезеңдерге қол жеткізе алмағанына қарамастан, Женеваның құрдымға кеткенін ешкім ойламайды.

Ал жақында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирия аумағында атысты 30 күн тоқтату туралы резолюциясы бірауыздан мақұлданды. Осы уақыт аралығында гуманитарлық көмек көрсетіп, ауыр науқастар мен жараланғандарды көшіру жоспарланған. Дегенмен, жағдай қиындай түсуі мүмкін. Шығыс Гуттадағы 5 қылмыстық топтың жауынгерлері күш біріктірген. Мұны жауласушы тараптарды бітімгерлікке шақыру жөніндегі ресейлік орталық мамандары хабарлады. Олар бірнеше рет көліктерді миналап, үкімет күшіне қарсы шабуыл жасаған. Тіпті Шығыс Гуттадан Дамасктің адамдар тұратын аумағына зеңбірек оғын жаудырған.