$473.59 €544.68 ₽5.94
×

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Костенко атындағы шахтада кеншілермен кездесті

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Костенко атындағы шахтада кеншілермен кездесті

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Костенко атындағы шахтада кеншілермен кездесті. Партия өкілдері  700 метр тереңдіктегі көмір шахтасына түсіп, жұмысшылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кеншілер өз кезегінде көкейде жүрген сұрақтарын саясаткерлерге тікелей  қойды. Әсіресе, еңбек қауіпсіздігі, цифрландыру, әлеуметтік кепілдіктер мен кадр даярлауға қатысты сауалдар легі толастамады. Айбек Дәдебай партияның  «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасын таныстыра келе, азаматтарды алаңдатқан мәселелер Мемлекет басшысының назарында екенін жеткізді.

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің бүкіл бағдарламамыздың өзегінде – адам тұр. Өздеріңіз жақсы білетіндей, Президентіміз «Қарметті» өзі қолдап келеді. Соның арқасында біз кәсіпорынды отандық инвесторға қайтара алдық. Осындай жұмыс еліміздің басқа да ең ірі кәсіпорындарында жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі халықтың игілігі үшін жасалып отыр.