$473.59 €544.68 ₽5.94
×

Алматыда вебкам-студия әшкереленді

AstanaTV
31.07.2026ж. 19:00
Алматыда вебкам-студия әшкереленді

Алматыда заңсыз вебкам-студияның қызметі тоқтатылды. Полицияның мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде интернет арқылы ақылы түрде тікелей эфир жүргізіліп келген. Тексеру кезінде пәтерден тікелей эфирге қатысқан қыз бен студия әкімшісі табылып, екеуі де полиция бөліміне жеткізілді. Тінту барысында компьютерлер, бейнекамералар, бейнежазба құрылғылары және онлайн трансляция жүргізуге арналған арнайы техникалар тәркіленді. Қазір полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты тексеруде.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта заңсыз студияның қызметін ұйымдастыруға және оның жұмысына қатысы бар барлық тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.