Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

2021 жылы жеке тұлғаларды банкрот тану туралы заң күшіне енеді

AstanaTV
26.02.2018ж. 20:00
2810
2021 жылы жеке тұлғаларды банкрот тану туралы заң күшіне енеді

2021 жылы жеке тұлғаларды банкрот тану туралы заң күшіне енеді. Бүгін Әділет министрлігі тиісті заң жобасының тұжырымдамасын қабылдады. Құжат жеке тұлғалардың төлем қабілетін қалпына келтіру деп аталады. Банк алдындағы қарызын үш ай төлей алмағандар тиісті органға шағымдана алады. Оның төлем қабілетін қаржы әкімшісі тексерген соң, берешек мерзімін созу, уақытша төлемді тоқтату сияқты шешімдер қабылданады. Яғни борышкерге көмек ретінде. Айтпақшы осы заң аясында қарыз үшін адамның жалғыз баспанасын тәркілеу туралы шешім өзгеретін болады. Егер борышкер негізгі қарыздың 50 пайызын төлеген болса, оның пәтеріне ешкім тиіспейді. Ал, 50 пайыздан аз төлесе ғана, банк үйді алып қоюға әрекет жасауы мүмкін.

Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрлігі МКК төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

Осы сұраққа қатысты Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк арасында пікір қайшылығы туындады. Ұлттық банк қарыз үшін баспананы тәркілеу керек деген ұстанымда. Біз борышкердің отбасы мүшелеріне тиесілі 18 шаршы метр аумақты сақтай отырып, негізгі қарыздың 50 пайзын төлеген жағдайда баспанаға тиіспеуді ұсындық.

Айта кетейік, бүгінде жеке тұлғалардың банктерге несие бойынша берешегі - 3,7 трлн теңге. Салықтық қарыздар - 12,9 млрд теңге. Коммуналдық қарыз - 3,1 млрд теңгені құрап отыр.