Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Кешенді диагнозы бар 10 бала тексеру үшін грант алды

AstanaTV
26.02.2018ж. 20:00
2160
Кешенді диагнозы бар 10 бала тексеру үшін грант алды

Астанадағы Ана мен бала орталығының кішкентай емделушілері ауруханада жатып та оқи алады. Олар үшін интерактивті оқыту әдісімен білім беретін «ақылды сынып» ашылды. Бұл игі бастама «Астана - рухы мықты жандардың қаласы» бағдарламасы аясында қолға алынған. Соның нәтижесінде ауыр дертке шалдыққан 10 бала республикалық диагностикалық орталықта жан-жақты тексеруден өту үшін арнайы квоталарға ие болды. Аталған әлеуметтік жобаға мұрындық болған «Нұр Отан» партиясы аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек қолын созу үшін мемлекеттік құрылымдар мен бизнес қауымдастықтың күшін ортақ мүддеге тоғыстырды. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу әрдайым партияның басым бағыттарының бірі болып қалады. Аталған диагностикалық орталықта 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі жас жеткіншектер тегін тексеріледі және қажетті ем-дом алуға да мүмкіндік бар.

Меруерт Софина, ата –ана:

Біздер екі рет больницаға жаттық. Содан диагноз қоя алмай, сол себепті осында жіберді. Сол сондай іс-шара бергеніне рахмет «Нұр Отан» партиясына.