$473.59 €544.68 ₽5.94
×

Астанада көлік ішінен оқ атқан ер адам қамауға алынды

01.08.2026ж. 08:23
Астанада көлік ішінен оқ атқан ер адам қамауға алынды
фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астананың тәртіп сақшылары автокөлікте отырып, дабыл тапаншасынан ауаға екі рет оқ атқан 29 жастағы ер адам қамауға алынды.

Тексеру барысында құқықбұзушының аталған әрекетті жасаған кезде алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды.

Оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін оған әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал қаруды заңсыз сақтау және алып жүру дерегі бойынша жиналған әкімшілік материал соттың қарауына жолданды.

Сонымен қатар сот қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқықбұзушыға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.