$473.59 €544.68 ₽5.94
×

Ақтөбеде құрылыс материалдарының қоймасы өртенді

AstanaTV
31.07.2026ж. 19:00
Ақтөбеде құрылыс материалдарының қоймасы өртенді

Ақтөбеде құрылыс материалдарының қоймасы өртенді. Қызыл жалын 1100 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер хабарлама түсе салысымен жедел жеткен.Тілсіз жаудың көршілес нысандарға тарауына жол берілген жоқ. Ондаған құтқарушы жұмылдырылды.Мамандардың айтуынша, қойма металл конструкциялардан тұрғызылып, қабырғалары профильді қаңылтырмен қапталған. Ал шатырдың ағаш тор көзден жасалуы жалынның тез таралуына себеп болған.