2-13 тамыз аралығында өтетін Торонто (Канада) WTA 1000 турнирінің жеребесі тартылды.
Бұл ірі жарыста Қазақстаннан жекелей сында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өнер көрсетеді.
Доданың 2-ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина екінші айналымнан бастайды. Ол әлемнің 42-ракеткасы, қытайлық Ван Синьюй немесе рейтингіде 61-орындағы аустралиялық Дарья Касаткинаның қай жеңгенімен кездеседі.
WTA рейтингісінде 81-орында тұрған Юлия Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 57-ракеткасы, қытайлық Чжан Шуаймен шеберлік байқасады.
Турнирде әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко бастаған маңдайалды теннисшілер бақ сынайды.
Былтыр канадалық Виктория Мбоко үздік шыққан еді. Биыл ол жарақатына байланысты қатыспайды.
Торонтода барынша сәтті өнер көрсеткен теннисшілер рейтингілік ұпай қорын толықтыра алады.