$475.38 €547.73 ₽5.93
×

Қазақстан Халық Партиясының өкілдері теміржолшылармен кездесті

Қазақстан Халық Партиясының өкілдері теміржолшылармен кездесті

Қазақстан халық партиясының өкілдері Семейде теміржолшылармен кездесті. Сала өкілдері зейнет жасына жақындағандарды еңбекпен қамту мәселесін көтерді. Жұмысшылар «Күміс жас» жобасы туралы пікірлерін бөлісті. Атап айтсақ, егде жасқа таяғандарға арналған оқу орнын ашу және олардың экономикалық белсенділігін сақтауға көмек беру туралы ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар жалдамалы жұмыскерлердің еңбек құқығын қамтамасыз ету мәселесі сөз болды. 

ХАЛЕЛ МАҚСҰТОВ, ҚХП ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы теміржолшылар 5 мыңдай адам жұмыс жасайды екен, сол енді бүгін басшылармен кездесіп, һзіміздің тақырыбымызды болашақтағы бағдарламаларымызды  түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Өз ісіне адал болатын , заңды құрметтейтін, өзінің ісі мен жұмысына жауапкершілікпен қарайтын , отбасына, қоғамға, мемлекетке, соған қызмет ететін адамдарды осы адал қызметі үшін кездескен уақытта осы азаматтарға көп көп  рахметімізді айттық.