«Respublica» партиясысың өкілдері Қызылордадағы бірқатар кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті. Партия мүшелері алдымен Жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенінде болып, бірнеше өндірістік цехтың тыныс-тіршілігімен танысты. Ұжыммен өткен ашық диалог форматындағы жиында кандидаттар «Respublica» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жұмысшы қауымға құжаттың негізгі бағыттары мен басымдықтары егжей-текжейлі түсіндірілді. Бұдан бөлек, партия өкілдері облыс орталығындағы кірпіш зауытының ұжымымен жүздесті. Кездесуде сайлаушылар көкейде жүрген сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
ЖАЛЫНБЕК ЖАЙНАРБАЙ, RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:
Үгіт-насихат науқаны аясында партияның жоспары қандай, партия алдағы күнде не істей алады, бүгінгі күнге дейін қандай жұмыстар істелді деген сияқты мәліметтерді беріп өттік. Қазіргі күнде менің байқауымша бізді өте жақсы қарсы алып, жанағы саяси активный екенін көрсетіп, сондай бір мен жақсы әсер алып жатырмын Қызылорда қаласынан.