$473.59 €544.68 ₽5.94
×

Жетісу облысында ер адам бір айда дүкеннен 600-ден астам шоколад ұрлаған

03.08.2026ж. 16:33
Жетісу облысында ер адам бір айда дүкеннен 600-ден астам шоколад ұрлаған
фото: polisia.kz

Жетісу облысының Жаркент қаласында полицейлер шоколад ұрлаған күдіктіні анықтады.

Полицияға қаладағы сауда орталықтарының бірі дүкеннен шоколадтардың жоғалып жатқанын хабарлаған. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу барысында ер адамның бірнеше апта бойы дүкенге келіп, шоколадтарды сөмкесі мен қалталарына жасырып, төлем жасамай шығып кеткені анықталған.

Бір ай ішінде дүкеннен жалпы 625 дана шоколад ұрланған. Келтірілген шығын 530 мың теңгеден асты.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Жаркент қаласының 41 жастағы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті кінәсін толық мойындады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.