Павлодарда Қазақстан Халық партиясының өкілдері кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен кездесті. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған еңбек және әлеуметтік салаға қатысты ұсыныстар таныстырылды. Кездесу барысында кәсіподақ ұйымдарының өкілдері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді көтерді. Тараптар еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігі, жалақының уақытылы төленуі, әлеуметтік қолдау, кәсіподақтардың еңбек ұжымдарындағы рөлі мәселелерін талқылады. Сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, адами капиталды дамыту және ауыл жастарын жұмыспен қамтуға қатысты ойларын ортаға салды.
АСЫЛБЕК НҰРАЛИН, ҚХП МҮШЕСІ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:
Біздің жаңағы еңбекшілеріміздің өкілдері осы жерде болды. Олар көптеген бізге сұрақтар қойды. Өздерінің ойларын ортаға салды. Одан қатар біз әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлуіміз керек Сонымен қатар біз анау адами капиталға салынған инвестиция туралы да айттық. Ол мәселені елдің ұзақ мерзімді дамуының басты кепілі деп ойлаймын мен.