$469.85 €542.16 ₽5.78
×

Партиялық тізіммен сайлау персонификациядан арылтады, - Е.Әбіл

Партиялық тізіммен сайлау персонификациядан арылтады, - Е.Әбіл

Құрылтай сайлауы – конституциялық реформаның заңды жалғасы. Әрі саяси билікті айқындай түсетін алғашқы институт. Сарапшылар алдағы сайлауды жаңа мемлекеттік құрылымды жүйелеу жолындағы үлкен қадамға балап отыр.  Өйткені ары қарай құрылатын вице-президент, Үкімет пен Халық кеңесінің тағдыры да осы науқаннан бастау алмақ. Депутаттарды партиялық тізім бойынша таңдау да ел алдындағы жауапкершілікті күшейтеді, - дейді Еркін Әбіл.

ЕРКІН ӘБІЛ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Бір мандатты депутаттар мүлдем кеткен жоқ. Олар жергілікті сайлауларда қалды. Ал енді жоғарғы билік органдарына жеке тұлға емес, саяси күш болу керек деген шешім қабылданды. Институт. Бір персона емес, жарық, керемет, белгілі, бүкіл аймаққа танымал персона емес, саяси күш. Сондықтан біз сондай партиялық тізімдерге көшіп жатырмыз. Бұл бірте-бірте әлгі персонификациялық саясаттан кету деген сөз.