$469.85 €542.16 ₽5.78
×

Әлемдік рейтинг: Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады

Әлемдік рейтинг: Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат деңгейі бойынша көш бастады. Ұлыбританияның "Легатум" институты жариялаған "Просперити индексі" рейтингінде еліміз әлем бойынша 66-орынға жайғасты. Бұл – аймақтағы ең жоғары нәтиже. Рейтингте Қырғызстан 87-орында, Өзбекстан 94-сатыда тұр. Ал Түрікменстан 150-орынмен өңірдегі ең төменгі көрсеткішке ие болды. Сарапшылардың айтуынша, биыл Қазақстан мен өзге Орталық Азия елдерінің арасындағы айырмашылық айтарлықтай ұлғайған. "Просперити индексі" елдерді үш негізгі бағыт бойынша бағалайды. Олар – экономика мен өмір сүру сапасы, азаматтардың жеке бостандықтары және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы. Сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру, инвестициялық ахуал сияқты ондаған көрсеткіш есепке алынады. 2011 жылдан бері Қазақстан рейтингте 17 сатыға жоғарылаған. Сарапшылар ең үлкен ілгерілеу денсаулық сақтау саласында болғанын атап өтеді. Сонымен бірге білім беру жүйесі мен экономикалық сапа көрсеткіштері еліміздің негізгі артықшылықтарының қатарында қалып отыр.