$469.85 €542.16 ₽5.78
×

ҚХП өкілдері еңбек ұжымымен кездесті

AstanaTV
05.08.2026ж. 19:00
ҚХП өкілдері еңбек ұжымымен кездесті

Қазақстан Халық Партиясының өкілдері Риддер қаласына барып, ондағы жол-құрылыс мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті. Алдымен саяси ұйым мүшелері жиналғандарға алдағы Құрылтай сайлауы жайлы ақпарат беріп, партия бағдарламасымен таныстырып шықты. Қарапайым жұмысшылармен  жүздесу барысында адам құқығының қорғалуы, өндірістегі техникалық қауіпсіздік талаптарының сақталуы, кәсіподақ ұйымдарының белсенділігі туралы әңгіме қозғалды. Кеншілер шаһары саналатын Риддерде 50 мыңнан аса халық тұрады. Жиынға келген тұрғындар өздерін алаңдатқан сұрақтарды қойып, ұсыныстарын да ашық білдірді. Сонымен қатар транспорттық және әлеуметтік инфраққұрылым сапасын арттырып, шағын қалаларды дамытуға ден қойылса,- деген ойларын айтты. Еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі де - жұртты алаңдатқан басты мәселенің бірі болды. 

ЛӘЗЗАТ СҮЛЕЙМЕН, ҚХП АТЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:

Белсенді кездесу өтті және азаматтар әсіресе әйелдер өте өзекті мәселелерді қозғады.Бұл жерде өте өзекті көтерілген мәселелердің бір ол өндірістік қауіпсіздікті қорғау,жай азаматтардың үйлеріне,бала-шағасына аман-есен келуін мемлекет тарапынан, жұмыс берішулер тарапынан қамтамасыз ету мәселесі.