$469.85 €542.16 ₽5.78
×

Кандидаттар еңбек ұжымымен кездесті

AstanaTV
05.08.2026ж. 19:00
Кандидаттар еңбек ұжымымен кездесті

«Ауыл» партиясының кандидаттары Қарағанды облысына барып, аграрлық сала өкілдері және кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті. Алдымен астықты терең өңдеуге, бидайдан наубайханалық ұн мен жарма өндіруге маманданған «Ақжайық 2011» өндіріс орынына барды. Кездесу барысында өңдеу өнеркәсібін дамыту, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарын қолдау сынды мәселелері талқыланады. Одан кейін Нұра ауданына қарасты Қазақстандағы алдыңғы қатарлы элиталық тұқым өсірумен айналысатын және көпсалалы «Шахтерское» ауыл шаруашылығы жұмыскерлерімен жолықты. Кездесу барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, түсіндірілді.

ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы мекеменің 16 000 гектар жері бар. Бидай арпа, сеуіп жатыр. Ол ұн, құрама жем болсын бәрін төрт мемлекетке шығарып жатыр. Осы халықпен кездескенде, көп ұсыныс айтылады, ең көп ұсыныс бірінші мәселе ол жол мәселесі, су мәселесі, интернет мәселесі.