Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Отандық телеөнімдердің сапасын көтеру мен бәсекеге қабілетті дүниелер жасау жайы талқыланды

AstanaTV
28.02.2018ж. 20:00
2783
Отандық телеөнімдердің сапасын көтеру мен бәсекеге қабілетті дүниелер жасау жайы талқыланды

Мемлекет басшысы телеарналарды толықтай сандық жүйеге көшіру, отандық өнімдердің сапасын арттыру жайына назар аударғаны белгілі. Осы орайда Елбасы тапсырмасына сай министрлік тарапынан ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Нұр Отан» партиясы жанындағы "Мирас" республикалық кеңесінің отырысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деп мәлімдеді. Былтыр министрліктің тапсырысымен 40 отандық сериал түсірілген. Оларды халық өте жылы қабылдады,- дейді ведомство басшысы. Сонымен бірге, Дәурен Абаев халқымыздың салт-дәстүрін, тарихы мен мәдениетін насихаттайтын телеөнімдерге баса назар аударылып отырғанына тоқталды. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Осы аптаның басында Елбасының қабылдауында болдым. Өздеріңіз естіген шығарсыз, сол кезде Президент телеарналардағы сандық өнімдердің сапасын арттыру қажеттілігіне тоқталып, масс-медиа жастарға патриоттық тәрбие беру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Мирас" республикалық-қоғамдық кеңесінің отырысына бірқатар депутаттар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Телевизия саласының майталмандары телеарнадағы өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талқылап, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Мәжіліс депутаты, "Мирас"  қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекболат Тілеухан, бұл тұрғыда Парламентке келіп түсетін ұсыныстардың ескерусіз қалмайтынын, атап өтті. 

Бекболат Тілеухан, "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Мирас" республикалық қоғамдық кеңесі төрағасы, мәжіліс депутаты:

Парламенттің сайтында тұр, қандай да бір зиялы қауым тарапынан болатын ұсыныстардың ешқайсысы қайтарылмайды. Бәрі ескеріледі. Алдында мәдениет туралы заңды қабылдаған кезде, қоғамның тарапынан қандай белсенділік болды. Ондағы ұсыныстардың барлығы бейтарап қараусыз қалаған жоқ.